АСТАНА. 22 наурыз. Беларусь астанасы – Минскінің орталығына таяу уақытта сиырдың ескерткіші қойылмақ. Бүгінде осыған қатысты жарияланған байқауға құжаттарды қабылдау аяқталды. Бұл туралы belta.by хабарлады.
Байқауды ұйымдастырушы мекеме – Минск қалалық мәдениет басқармасы. Аталған мекеме таратқан мәліметке сүйенсек, сиырдың мүсінін жасауға 20 адам ниет білдіріп, өз нұсқаларын жіберген. Қалалық атқарушы комитеттің шенеуніктерінен жасақталған қазылар алқасы жеңімпазды 25 наурызда анықтайды. Байқау талаптары бойынша сиырдың мүсіні ықшам және қаланың сәулет үлгісімен үйлесімді болуы керек. Ниет білдіргендердің арасында белгілі мүсіншілер мен сәулетшілер бар. Олардың көпшілігі елдегі шығармашылық одақтың мүшелері. Сондай-ақ, Беларусь Өнер академиясының студенттері де өз бақтарын сынап көрмек.
Қоладан құйылатын сиыр мүсіні Минскідегі «Комаров базары» коммуналдық сауда мекемесінің алдындағы алаңға қойылады деп жоспарлануда. Бұл базар Беларусь астанасының орталығында орналасқан.
Қала басшылығының айтуынша, сиыр малының белорус халқы үшін маңызы зор. «Қиын-қыстау кезеңдерде сүті мен еті елді аман сақтап қалды. Одан бөлек, еліміздің бүгінгі дамуында да сиыр еті мен сүтінің рөлі ерекше. Біз бүгінде осы өнімдерді экспорттау арқылы мемлекеттің қазынасына мол қаржы құйып отырмыз. Сондықтан сиырға ескерткіш қою өте орынды», дейді билік өкілдерінің бірі.
Қазіргі таңда әлемнің бірқатар елінде сиыр малына ескерткіш қойылғаны белгілі. Мәселен, сүт өнімдері мен ірімшік өндіруде алдыңғы қатардағы ел саналатын Нидерланды да бұл жануарға ерекше құрмет білдірген. Ал Үндістанда сиырға қойылған ескерткіш жүздеп саналады. Оның себебі айтпаса да түсінікті.
Еламан Қоңыр.
Дерек: belta.by.
Сурет: by24.org.

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше