09 Мамыр, 2015

Герт Вилдерс пайғамбар карикатуралары көрмесін өткізбекші

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09-05-15-gert_velders-1

АСТАНА. 9 мамыр. Голландияның белгілі саясаткер-исламофобы Герт Вилдерс парламентте Мұхаммед пайғамбарға арналған карикатуралардың көрмесін өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Al Arabiya хабарлады. «Мен парламенттен Гарлендте қойылған карикатуралар көрмесін өткізуге рұқсат сұрағалы отырмын», - деді Вилдерс. Ол мұнда жақында Техаста өткен шара туралы айтып отыр. Оның соңында екі экстремист шараны ұйымдастырушыларға шабуыл жасаған болатын. 51 жастағы Герт Вилдерс онда Памела Геллердің шақыруымен барып, асалған шабуыл конфернц-залда болған еді. Бірақ экстремистер келерден сәл бұрын ол жерден кетіп қалған екен. «Біз ешкімнен де қорықпайтынымызды көрсетуіміз керек», - деді саясаткер-исламофобист осыған орай. Ол өзінің сөзінде Құранды «фашистер кітабы» деп атап, мұсылмандардың қасиетті жазбасын Гитлердің мемуарларымен салыстырды. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: Al Arabiya.