АТЫРАУ. Атырауда «Жас Отау» бағдарламасымен бой көтерген 90 пәтерлік жаңа тұрғын үйге осынша жас отбасы қоныстанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Әдетте жас отбасылардың жаңа баспана бақытына ие болуы қиын. Әсіресе, 30 жасқа дейінгілер алдымен пәтер кезегіне тұрып, баспанаға қол жеткізуді бірнеше жылдап күтеді. Бірақ, жас отбасыларды бұл тығырықтан шығарып, қуанышқа кенелтетін амал бар екен. Оны Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов «Жас Отау» бағдарламасын іске асыру арқылы тапты. Сөйтіп, бұдан екі жылдай бұрын өңір орталығында 90 жас отбасына арналған тұрғын үй құрылысы басталған еді.
Өткен аптада мұнайлы Атыраудың ғана емес, тұтас елдің өркендеу келешегіне әр саладағы қажырлы еңбегімен өзіндік үлесін қосып жүрген 90 жас отбасы зор қуанышқа кенелді. Оларға облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жергілікті құрылыс кәсіпорны тұрғызған жаңа тұрғын үйден екі бөлмелік 30, бір бөлмелік 60 пәтердің кілтін тапсырды. Жиырма тоғыз жасқа толмаған, әрі екі балалы жас отбасылардың мүшелері алуан түрлі мамандықтың иелері, мәселен, Саламат Қайыров білім беру, Меруерт Жаймағамбетова денсаулық сақтау саласында абыройлы еңбек етіп жүр. Ал Нұрлан Азаматов жастар ұйымына жетекшілік етеді. Бұлардан өзге мемлкеттік қызметкерлер де, әскерилер де баспана бақытын сезінді.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Бүгін, 21:33
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Бүгін, 20:50
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36