08 Шілде, 2010

РЕСЕЙЛІК ӘРІПТЕСТЕРМЕН ӘҢГІМЕ

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жуырда Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму ко­митетінің төрағасы Ақан Бижановтың Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің депутаттары Виктор Глухих пен Вла­димир Литюшкинмен кездесуінде парламен­та­ралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері сөз болды. Кездесу барысында екі мемлекеттің заң шы­ға­ру органдарының жоғарғы палаталары ара­сын­дағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі атап өтіле келіп, парламентаралық байланыстарды одан әрі тереңдету қажеттігі жөнінде әңгіме қозғалды. Комитет басшысының айтуынша, Сенат пен Федерация Кеңесі арасында достық және іскер­лік тұрғысындағы қарым-қатынастар қалып­тас­ты. Парламентаралық ынтымақтастық топтары белсенді жұмыс істеп келеді. А.Бижанов Феде­рация Кеңесі мүшелерін Кеден одағы жөніндегі заңнамалық базаны қалыптастыру жөніндегі жұмыстар туралы да хабардар етті. В.Глухихтің пікірінше, екіжақты қатынас­тар­да парламенттік мазмұн маңызды бағыт болып табылады. “Заңнамаларды нығайту жөніндегі бірлескен жұмыстар Қазақстан-Ресей ынты­мақ­тастығының әлеуетін жүзеге асыруда зор ма­ңызы бар”, – деп атап өтті ресейлік депутат.
Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше