Спорт • 02 Желтоқсан, 2025

Жастар бірлігін де, ірілігін де көрсетті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркиядағы Афьон қаласында қазақ студенттері арасында футболдан жарыс өтті. Оны Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қолдауымен «Бірлік» қазақ жастары ұйымы ұйымдастырды.

Жастар бірлігін де, ірілігін де көрсетті

Сурет: abai.kz

Турнирге Түркиядағы бір­неше қала мен жоғары оқу орындарында оқитын қазақ сту­денттерінен құралған коман­да­лар қатысты. Ойын барысында жанкүйерлер өз командаларын белсенді қолдап, ерекше атмосфера қалыптастырды.

– Жарыстың мақсаты – қазақ сту­денттері арасындағы достықты нығай­тып, олардың спортқа қызығушы­лы­ғын арттыру. Сондай-ақ шетелде оқып жүрген жастарымыздың басын біріктіру, – деді Қазақстанның Ыстанбұл қаласындағы бас консулы Аманқұл Нұриддин.

Сонымен дәстүрге айналған «Birlik Arbella Super Cup» футбол тур­ни­рі­нің биылғы чемпионы Сакарья қала­сының студенттері атанды. Анкара шаһарының студенттері қызық­ты ойын өрнегін көрсетіп, 2-орын­ды иеленді. 3-орын Ыстанбұл қаласындағы Халич университеті мен Ескишехир қаласының командаларына бұйырды.

Әсіресе бізді Афьон қаласындағы «Бірлік» қазақ жастары ұйымының қонақжайлылығы айрықша тәнті етті. Олар жарысқа келген команда мүше­лерін жылы шыраймен қарсы алып, барлық жағдайды жасады. Қатысу­шыларды көлікпен алып жүрді. Қала­ның әсем жерлерін аралатып, жақсы демалыс ұйымдастырды. Студенттердің бәрі өздерінің үйлерінде жүргендей сезінді. Бір жағынан, іс-шараның осындай жоғары деңгейде өтуіне олардың ұйымшылдығы мен қонақжайлылығы ерекше әсер етті.

Бір сөзбен айтқанда, бұл футбол турнирі спорттық жарыс қана емес, Түркиядағы қазақ жастарының бірлігін көрсетті.

 

Қарақат БЕРДАЛЫҚЫЗЫ 

Түркия 

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Бүгін, 20:35

Шаруашылығы шалқыған күн туар

Шаруашылық • Бүгін, 19:53