АСТАНА. 9 мамыр. Каир соты Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мубаракты өзгенің мүлкін жымқырғаны үшін 3 жылға соттады. Аталған қылмыстық істің аясында оның ұлдары Аля мен Гамаль да дәл осындай уақытқа түрмеге жабылды. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.
Олар мемлекет қазынасынан 100 мың египет фунтын (13 мың АҚШ доллары) ұрлағаны үшін айыпты деп табылды. Бұл қаржы президент сарайын қайта өңдеуге жұмсалған.
Өткен жылдың мамырында айыптылар дәл осыған ұқсас қылмыстары үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда, апелляциялық сот кейін үкімді өзгертіп, істі қайта қарауға жіберді.
Осы жылдың сәуір айында бұқаралық ақпарат құралдары 88 жастағы Хосни Мубарактың өлімі жайында хабарлаған еді. Десек те, бұрынғы президенттің қорғаушысы бұл ақпаратты теріске шығарды.
2014 жылы қарашада сот Мубарак пен оның ұлдарын шерушілердің өліміне қатысты деп тапты. Бұл шерушілер 2011 жылы Каирда болған қарсылық акциясына қатысқан еді.
Египетті 30 жыл басқарған Хосни Мубарак 2011 жылы ақпан айындағы жаппай көтерілістен кейін тақтан түскені белгілі. Көп ұзамай саясаткер тұтқынға алынып, оның үстінен жемқорлық, билікті асыра пайдалану және манифестанттарды өлтірді деген айыптар тағылды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: lenta.ru.
Сурет: reuters.com.
• 09 Мамыр, 2015
Египеттің бұрынғы президенті 3 жылға түрмеге жабылды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше