10 Мамыр, 2015

Қырым татарларына депортация құрбандарын еске алуға рұқсат етілмеді

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-05-15-krym_tatar-1

АСТАНА. 10 мамыр. Қырымдағы Симферополь қаласының билігі қырымлы халқының 18 мамыр күні депортация жасалғанына 71 жыл толуын атап өтетін қаралы митинг өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы ras.kz хабарлады. «Симферопольдің қалалық әкімшілігі қырым татарларына 18 мамыр күні халыққа жасалған депортацияға 71 жыл толуына байланысты қаралы митинг өткізуге тыйым салды», - делінген хабарламада. Симферополь қалалық әкімшілігінің басшысы Геннадий Бахарев әкімшілікке қырым татарлары өкілдері мен қоғамдық ұйымдардан осыған байланысты тиісті үндеудің келіп түскенін мәлімдеді. «Олар жаппай акцияны Ленин алаңында, Кәсіподақтар үйі маңында өткізуді жоспарлаған. Бірақ біз мұны өткізуге рұқсат бергелі отырған жоқпыз», - деді ол. Қала басшысы Ленин алаңында «мемлекеттік мерекелерден бөлек, кең ауқымды акциялар өткізу қарастырылмағанын» айтты. Бұған қоса, оның айтуынша, жақын аралықта бұл алаңды қоршап тастау межеленген. «Мұнда әлдеқандай бір акциялар өткізуге жол берілмейді», - деді ол. Еске сала кетейік, қырым татарлары халқының меджилисі Симферополь қалалық билігіне 1944 жылғы 18 мамырда жүргізілген қырымлыларды депортация жасаудың салдарынан құрбандыққа ұшырағандарды еске алу үшін Бүкіл қырым татарларының қаралы шеруін өткізуге рұқсат сұраған болатын. Онда қырым татарларының өткен жылы депортацияның 70 жылдығына орай Симферопольдің Ленин алаңында қаралы митинг өткізулеріне де өзін өзі жариялаған Қырым билігі рұқсат бермей қойғаны айтылады. Қайрат Құлымбет. Дерек, сурет: ras.kz.