Фото: Ашық дереккөз
Осыған дейін қазан айында Димаш Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden алаңында концерт беріп, қазақ өнерін халықаралық деңгейде танытып, үлкен жетістікке жеткен еді. Сол табысты өнер көрсетуден кейін ол Grammy платформасымен және Америкалық Ұлттық дыбыс жазу өнері мен ғылымы академиясымен шығармашылық байланыс орнатқан.
«Global Spin» жобасы 2021 жылдан бері әлем музыкасын қолдап, әр елдің мәдени болмысын көрсетуді мақсат етеді. Жобаға бұған дейін K-pop супер жұлдыздары, африкалық хип-хоп өкілдері, еуропалық фолк орындаушылары сияқты түрлі бағыттағы музыканттар қатысқан. Әр шығарылым тек әртістің өнерін ғана емес, оның елін, мәдениетін әлемге таныстыруға бағытталған эксклюзивті тікелей орындаудан тұрады.
Дыбыс жазу академиясы АҚШ пен әлемдегі ең беделді музыкалық ұйымдардың бірі. Академия орындаушылар мен продюсерлердің шығармашылығын қолдап, жыл сайын әлемге танымал Grammy марапатын ұйымдастырады.