Президент • 05 Желтоқсан, 2025

Тоқаев шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша мән беретінін айтты

22 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тоқаев шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша мән беретінін айтты

фото. gov.kz

«Мен Мемлекет басшысы ретінде шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша мән беріп отырмын, негізгі мәселенің бәрі менің жеке бақылауымда. Үкімет кәсіпкерлікті жандандыру үшін ауқымды жұмыс істеп жатыр, кедергілерді жою үшін нақты шаралар қолданып келеді. Дегенмен, әлі де шешімін таппаған өзекті мәселелер мен түйткілдер аз емес, оны біз ашық түрде мойындаймыз», дейді Қ.Тоқаев. 

Президенттің сөзінше, ең алдымен қосылған құны жоғары сапалы өнім өндіретін шағын бизнеске барынша жағдай жасалуы қажет.

«Мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсете отырып, кәсіпкерлеріміздің өз істерін кеңейтіп, жаңа деңгейге шығуына серпін берген жөн. Мұны кәсіпкерлікті дамыту саясатының маңызды шарты деп айтсақ, артық болмайды», дейді Мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, бүгін «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталды

Соңғы жаңалықтар

Төрт адамның өмірін сақтаған

Медицина • Бүгін, 08:05

Төрт жасар жазушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Әлеуметтік нысан ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Жәкеңнен қалған жәдігер

Көрме • Бүгін, 07:53

Ең алып мұрал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Елена Рыбакина – финалда!

Теннис • Бүгін, 07:38

Бір мезетте – мың сабақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:33