Аймақтар • Кеше

Қостанай облысында қылқанжапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласына Ресей ормандарында шабылған жас шыршалар әкеліне бастады. Осыған орай, табиғат қорғаушылар жергілікті ормандардағы қылқан жапырақты ағаштардың амандығын қадағалауды күшейтті. Мәселен, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жанынан құрылған мобильді топтар 11 орман шаруашылығында рейд өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында қылқанжапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді

«Бүгінде өңірде орманның санитарлық жай-күйін жақсарту жұмыстары жүріп жатыр. Аталған іс-шара аясында Орман шаруашылығы комитеті рұқсат берген аумақтардағы ағаштар ғана кесіледі. Бірақ жаңа жылға арнайы ағаш кесуге тыйым салынған. Ал Қостанайда әр жерде сатыла бастаған жасыл шыршаның бәрі Ресейден әкелінген. Олардың бәрінің заңды құжаты болуы керек. Оның сыртында, көрші елден шырша әкеп сатып жатқан кәсіпкерлер мұнда келген соң Қазақстанның карантиндік қағазын алуы керек. Сырттан кіріп жатқан ағаштардың заң талаптарына сай болуын облыстық ПД табиғат қорғау бөлімі, тағы басқа да мүделлі орындардың мамандары қадағалайды. Біз облыстағы орман шаруашылықтарымен бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргіземіз. Орманға жақын жерлерде, жол бойында арнайы бекеттер жұмыс істейді», дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Талғат Берманов.

Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескен немесе құжатсыз тасыған азаматтарға заңда 1 метр ағашқа 15 АЕК көлемінде айыппұл белгіленген.  

 

Қостанай облысы