Фото: Туризм және спорт министрлігі
Кездесу барысында министр Рой Джонстың Қазақстанға сапарына алғыс айтып, оның әлемдік бокстың дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.
Кіші Рой Джонс бірнеше салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанып, 1990 жылдары «онжылдықтың боксшысы» ретінде танылды.
Тараптар кездесудің соңында боксты дамыту, жастар спортын қолдау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін білдірді.