Ауа райы • Бүгін, 09:10

28 градус аяз: 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 9 желтоқсанда елімізде 28 градусқа дейін аяз күтілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

28 градус аяз: 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөз

Батыс аймақтарда негізінен жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі, кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан секундына 7-14 метрге дейін, кей жерлерде 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -7…+5°, күндіз 0…+6° шамасында болады. Атырау мен Ақтауда күн ашық, кей жерде жаңбыр мен қар жаууы ықтимал.

Солтүстік және орталық өңірлерде қар, боран, көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында түнде қар жауып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнгі ауа температурасы -10…-28°, күндіз -6…-13° шамасында болады. Астана мен Көкшетауда боран мен қатты аяз сақталады.

Шығыста қар, боран, көктайғақ байқалады. Түнде аяз қатты сезіледі (-5…-18°), күндіз -1…+6° аралығында. Жел секундына 12-23 метрге дейін күшейеді. Өскемен мен Семейде түнгі температура 3-7° аяз, күндіз 1-5° аяз болады.

Оңтүстікте кей жерлерде жаңбыр мен қар, таулы аудандарда тұман болуы мүмкін. Түнде -4…+5°, күндіз +1…+18° аралығында. Алматы, Тараз, Шымкент және Түркістанда күн ашық, жел секундына 5-14 метрге дейін, кей жерлерде 15-20 метрге дейін жетеді.