10 Мамыр, 2015

Ресей мен Германия арасындағы қарым-қатынаста проблема бар

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-05-15-putin_merkel-1

АСТАНА. 10 мамыр Ресей мен Германия арасындағы қарым-қатынасты проблемалар бар. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путиннің Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуі кезінде айтқан сөзіне сілтеме жасаған ТАСС хабарлады. «Бүгінде белгілі проблемалар бар. Бұл проблемалар қарым-қатынастың дамуына әсер етулерін неғұрлым тез тоқтатса, соғұрлым жақсы болады», - деді Владимир Путин. Германия канцлері Ангела Меркель Мәскеуге бүгін Жеңіс мерейтойы құрметіне болатын салтанатқа қатысу және Владимир Путинмен келіссөз жүргізу үшін келген болатын. Олар екеуі бірге Белгісіз солдаттың зираты басына гүл шоқтарын қойды. Путин Мәскеуге келгені үшін Меркельге алғыс айтты. «Мен ең алдымен сізді Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, нацизммен болған Ұлы Отан соғысындағы күресте қаза тапқан адамдарға құрмет көрсетуге келгеніңіз үшін алғыс айтқым келеді», - деді Ресей президенті. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: ТАСС.