Фото: Ашық дереккөз
Reuters агенттігінің деректеріне сүйенсек, желтоқсан айында Қазақстан бұл маршрут арқылы шамамен 50 мың тонна мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Қашаған мұнайы негізінен Каспий құбыр консорциумы (КТК) жүйесі арқылы экспортталуы тиіс еді. Бұл жол Қазақстан мұнайының шамамен 80%-ын қамтиды. Алайда, 29 қарашада Новороссийск қаласында орналасқан порт ауданындағы теңіз инфрақұрылымына ұшқышсыз құрылғылар шабуылдап, айлақтағы АТҚ-2 қондырғысы істен шықты. Терминалды қалпына келтіру жұмыстары 11-13 желтоқсанға дейін созылады.
Қашаған мұнайын Қытайға бағыттау стратегиялық тұрғыдан тиімді шешім саналады. Кен орнын игеретін NCOC консорциумына қытайлық CNPC компаниясы да мүше. CNPC шамамен 30 мың тонна мұнай алады, ал қалған 20 мың тонна – консорциумдағы Inpex компаниясының үлесі.
Бұл құбыр Қазақстан мен Қытайдың Шыңжаң аймағын байланыстырады. Қазір басқа кен орындарының мұнайын тасымалдауға пайдаланылады. Ай сайын шамамен 85-86 мың тонна мұнай өткізіледі.