Театр • Бүгін, 07:40

«Халық театры» атанды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерінің «Шаңырақ» театры «Халық театры» мәртебесін алды.

«Халық театры» атанды

Бұл – он бес жылдық тарихы бар өнер оша­ғының шығарма­шы­лық еңбегінің нәтижесі.

«Мұны ұжым еңбегінің бағаланғаны деп білеміз. Бір жағынан, жастарға тың серпін береді. Шығармашылыққа жаңа жол ашады. Ең бастысы, театрымыздың кәсіби деңгейі мемлекет тарапынан мойындалып отыр. Енді өнер ордасының республикалық деңгейде таны­малдылығы артады деп сене­міз», дейді театр режиссері Бағдат Әшім.

Театр атауы «Шаңырақ» деп бекер қойылмаған. Еура­зия ұлттық университеті әлеу­меттік және азаматтық даму департаментінің директоры Жамбыл Тілептің айтуына қарағанда, «шаңырақ» – қазақ үшін қастерлі ұғым. Өнерге құштар жастар осы шаңырақтың уығындай бірігіп, ұлттық құндылықтарды дәріп­теуді мақсат еткен.

Өнер ұжымының репертуа­рында отандық драматургтермен бірге, шетел авторларының да шығармалары бар. Мәселен, С.Жүнісовтің «Жаралы гүл­дер», М.Байжиевтің «Тіл табыс­қандар», Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы», М.Ла­доның «Болмаған оқиға», М.Ша­ха­новтың «Танакөз», Ж.Жұ­мат­тың «Мұңмен алысқан адам» (ағылшын тілінде), Қ.Жү­ні­сов­тің «Ғашықтар хикаясы» секілді қойылымдар көрермен ықыласына бөленген.

Сондай-ақ театр қалалық, республикалық, ха­лық­­аралық фестиваль­дарға қатысып, бір­қатар жүлделі орындарға қол жеткіз­ген. Айталық, Семей­де өткен республикалық студент­тік театр фестивалінде ІІ орын иеленсе, Әзербайжанда өт­кен «Каспийский бриз» ІІІ халық­аралық тәуелсіз театр­лар байқауында бас жүлдені же­ңіп алған.

Соңғы жаңалықтар