Оқиға • Кеше

Гуанчжоу – Алматы бағытындағы рейсте жолаушы қайтыс болды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 желтоқсанда Гуанчжоу – Алматы бағытындағы рейсте бір жолаушы қаза тапты. Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гуанчжоу – Алматы бағытындағы рейсте жолаушы қайтыс болды

Фото: istockphoto.com

Қайғылы жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Пайдаланушылардың бірі бұл оқиғаға қатысты:

«Әрбір ұшақта алғашқы медициналық көмек көрсете алатын дәрігер болуы тиіс», деп пікір білдірді.

Алдын ала болжам бойынша, жолаушының қайтыс болуына оның созылмалы ауруы себеп болған. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы тексеріліп жатыр, сараптама нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Еске салсақ, бірнеше күн бұрын SCAT әуе компаниясының Ақтөбеден Алматыға бет алған ұшағы жолаушының жағдайының нашарлауына байланысты кері оралған еді. Өкінішке қарай, әйелдің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50