Әлем • Кеше

Зеленский Украинадағы сайлауды атысты тоқтату шартымен өткізуге дайын

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина Президенті Владимир Зеленский елдегі президенттік сайлауды өткізу үшін дауыс беру кезінде атысты тоқтату керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зеленский Украинадағы сайлауды атысты тоқтату шартымен өткізуге дайын

Фото: REUTERS.

Зеленскийдің сөзінше, АҚШ бұған барынша қолдау көрсете алады.

«Егер сайлау өткізу қажет болса, онда кем дегенде сайлау процесі мен дауыс беру кезінде атысты тоқтату қажет. Бұл тақырып әлі де талқылануы тиіс. Ашығын айтқанда, Америка мұны Ресей жағымен талқылауы керек деп санаймыз», деді ол.

Еске салсақ, Украинадағы президент сайлауы бастапқыда 2024 жылға жоспарланған еді. Алайда Ресеймен қақтығысқа байланысты кейінге қалдырылды.

Еске салайық, Зеленский Украинада сайлау өткізуге дайын екенін мәлімдеп, АҚШ-тан және еуропалық әріптестерден сайлауды өткізу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуді сұраған еді.

Сондай-ақ бұған дейін Зеленский Қазақстанда Путинмен кездесуге дайын екенін айтқан.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50