Мәдениет • Бүгін, 12:17

Жалындап келіп жарқырап жүрген өнерпаз

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстанның Қазақ сазды драма театры бүгінгі таңда облыстың тамаша мәдениет ошағы болып отыр. Өзі де тамаша, ұжымы да тамаша орда халықаралық және республикалық өнер сайыстарының жүлдегері болып келеді. Жуырда ғана Түркістанда болған театрлар арасындағы фестивальда С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатын» көрсетіп, бас жүлдені алып келді деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалындап келіп жарқырап жүрген өнерпаз

Ал кеше ғана театрдың директоры, әнші, актер, режиссер Біржан Жалғасбаев өзінің сахнадағы еңбегінің 25 жыл толуына орай шығармашылық кешін өткізді. Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер институтының соңғы курсында оқып жүрген бір топ жас 2000 жылы Қызылжарда ашылатын жаңа театрға шақырту алады. Сол жылы шымылдығын түрген театрда Ақжарқын Сәрсебектің қойылымында «Аққан жұлдыз» драмасы көрсетілген.

Сол уақыттан бері қызылордалық жас актер бір орыннан тапжылмай өсіп, биіктерге қол жеткізіп, биыл «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын да алып, театрмен бірге өрлеп келеді.

Ол шығармашылық кешін де бір деммен, еш адамды жалықтырмай бір өзі ғана өнерін көрсетіп, қысқа уақытта еуропалық тәртіппен өткеріп шықты. Біржанның жары Майра да өнерпаз, ол Құрманғазы консерваториясының түлегі, ұлағатты ұстаз. Қызылжарлықтар Біржанның алдағы уақыттарда да биік табыстарға жететініне сенімі мол. 

ҚЫЗЫЛЖАР