АСТАНА. 11 мамыр. Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Мадридте өткен WTA турнирінің жұптық бәсекесінде жеңімпаз атанды. Ол бұл сайыста Австралия спортшысы Кейси Деллакуамен жұп құрап, сынға түскен еді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Финалдық ойында Шведова-Деллакуа жұбы корт иелері Гарбинье Мугуруса және Карла Суарес-Наварромен күш сынасты. 1 сағат 39 минутқа созылған ойында Шведова мен Деллакуа қарсыластарынан 2:1 (6:3, 6:7 (4:7), 10:5) есебімен басым түсті.
Кейси Деллакуа үшін бұл – жұптық бәсекедегі 4-ші жеңіс. Ал Шведова бүгінге дейін 11 мәрте жұптасып өнер көрсетуде жарыс жеңімпазы атанды. Соның екеуі «Үлкен дулыға» турнирінде тіркелді (Уимблдон, 2010 ж., АҚШ ашық біріншілігі, 2010 ж.).
Мадридтегі сайыс топырақ төсеніште өткенін айта кетейік. Сондай-ақ, турнирдің жүлде қоры 4,2 миллион АҚШ долларын құрады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: itftennis.com.
• 11 Мамыр, 2015
Теннис. Ярослава Шведова Мадридтегі турнирде жеңімпаз атанды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше