Оқиға • Кеше

Сиднейдегі терактіден қаза тапқандар саны 16-ға жетті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сиднейде болған теракт салдарынан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті. Олардың арасында шабуыл жасағандардың біреуі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сиднейдегі терактіден қаза тапқандар саны 16-ға жетті

Фото: ашық дереккөз

Жексенбі күні бірнеше белгісіз адам Сиднейдегі Бонди жағажайында демалушыларға оқ жаудырған. Қазіргі мәлімет бойынша, 16 адам қаза тауып, тағы 40 адам ауруханада жатыр. Құрбандардың арасында балалар да бар.

Егер кездейсоқ өтіп бара жатқан азаматтардың бірі қарулы қылмыскерді тоқтатпағанда, құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін еді. Ер адам шабуылдаушыға артынан тап беріп, оның қолындағы мылтықты жұлып алған. 

Полицияның болжамынша, шабуылдың нысанасы еврейлердің Ханука мерекесіне арналған іс-шара болған. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздер қылмыстың бірнеше ай бойы жоспарланғанын айтады.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілердің бірі қаза болып, екіншісі жараланып, ұсталған. Шабуыл жасағандардың бірі Сидней тұрғыны Навид Акрам болып шықты, оның үйінде тінту жүргізілген. Австралиялық БАҚ-тың жазуынша, үшінші күдікті өз еркімен берілген.

Еске салайық, бұған дейін Сидней қаласындағы Бонди жағажайында белгісіз біреулердің оқ атқанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар