Экономика • Бүгін, 16:55

Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерінің өндірісі 12%-ға артқан

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов биылғы терең өңдеу және мұнай-газ химиясы саласындағы жұмыстың қорытындылары туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерінің өндірісі 12%-ға артқан

Фото: arainfo.kz

Жүйелі саясат жүзеге асып келеді

Мұнай-газ химиясы саласында экономиканы әртараптандыруға және шикізатқа тәуелділікті төмендетуге бағытталған жүйелі саясат жүзеге асырылып жатыр. Отандық мұнай-газ химиясы тұрақты екі таңбалы өсім қарқынын көрсетіп, шикізаттық емес экспорттың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып келеді.

«2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ химиясы өнімдерінің өндіріс көлемі 12%-ға ұлғайды. Қазақстан полипропилен, бензол және параксилолды қоса алғанда, терең өңделген өнімдерді сыртқы нарықтарға жүйелі түрде жеткізуді жүзеге асырып отыр», деді Ерлан Ақкенженов.

Әлемдік деңгейдегі кешендер құру қолға алынған

Саланың стратегиялық дамуы ауқымды өнеркәсіптік құрылыс кезеңімен тығыз байланысты. Елде әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешендерін құру жобалары іске асырылып жатыр. Атырау облысында болашақ полиэтилен зауытына арналған пиролиз қондырғысының құрылысы 30%-дан астам деңгейде орындалды. Ал Павлодар облысында алкилат өндіретін кәсіпорын құру жобасын іске асыру басталды.

Соңғы жаңалықтар