Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Бұлттағы лабиринттер

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Найзағай – аспандағы бір сәттік жарқыл ғана емес, бұлт ішінде түзілетін күрделі электр жүйесінің көрінісі.

Бұлттағы лабиринттер

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жоғары жылдамдықтағы түсірілімдер оның жүздеген ұсақ тармаққа бөлінетінін көрсетті. Әр арна ауа ылғалдылығы, температура және электр өрісінің өзгерісіне қарай өз жолын өзі табады, сондықтан бірде-бір найзағай дәл қайталанбайды. Ғалымдар бұл құбылысты табиғаттағы хаостың заңдылыққа бағынатын үлгісі деп есептейді. Найзағай арналары фрактал геометрияға ұқсайды, яғни дәл осындай құрылым ағаш бұтақтарында, қан тамырларында, галактикалардың таралуында кездеседі. Осылайша, бұлт ішіндегі электр лабиринттері Жер мен Ғаламға ортақ тәртіптің бар екенін аңғартады.

 

Дайындаған – Рамазан ОРЫНБАСАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 16:00