Аймақтар • Бүгін, 08:40

Шаңғы маусымы ашылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыста жыл он екі ай бойы туризм саласы толастамайды. Ел ала жаздай тау-тас аралап, өзен жағаласа, қыс қызығы – сырғанақ. Кейінгі күндері қар молынан түсіп, Өскемен қаласының іргесіндегі демалыс базасында шаңғы тебу маусымы ашылды. Салтанатты жиынға Қытайдан да туристер келді.

Шаңғы маусымы ашылды

Суретті түсірген – автор

Шығыстың ерекшелігі сол, жыл он екі ай бойы табиғатта тынығуға мүмкіндік мол. Жұмыстан қолыңыз қалт етсе болды, бір сағаттық жерден-ақ тұмса табиғатқа енесіз де кетесіз. Күн қысқа десеңіз, сырғанау жолағының шамдары самаладай жарқырап тұрады. Жадағай жотадан аяққа шаңғыны кеше байлаған адам да оп-оңай сырғанап түседі. Айтқандайын, мұнда Азияның екі дүркін чемпионы Юлия Галышева да жаттығады. Бала-шағаға арналған жеке сырғанақ та қарастырылған. Мұндай мүмкіндікпен туристерді мыңдап тарту керек дейді Қытайдан келген қонақтар.

– Өскеменде бірінші рет болуым, Қытайдың Шәуешегінен келдім. Біздің жақта да осындай шаралар көп өтеді. Қазақстандағы, атамекенімдегі мұндай көңілді шараға қатысқаныма шын жүректен қуанып тұрмын. Сіздер де Қытайда өтетін қар мерекесін көріп қайтуларыңызға болады, – дейді қандасымыз Айдана Мұрал.

Айтары жоқ, Шығыстың табиғаты ерекше. Төменге қарай созылған шаңғы жолағы жатыр. Айналасы аспанға шаншыла өскен жасыл шырша, сыңсыған орман. Бейне бір ертегі әлеміне енгендей боласыз. Осындай сұлулыққа тамсана, шаңғымен зулап бара жату бір ғанибет. Шаңғы маусымы наурызға дейін жалғасады.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Глубокое ауданы

Соңғы жаңалықтар

ЕАЭО отырысы Шымкентте өтеді

Саясат • Бүгін, 12:58

Елшіл қайраткерге құрмет

Қоғам • Бүгін, 10:30

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55