11 Мамыр, 2015

Қазалы ауданы Жеңіс күнін айрықша атап өтті (фото)

628 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
20150509_101138АСТАНА. 11 мамыр. Қызылорда облысы Қазалы ауданы ауданы Әйтеке би кентінің тұрғындары Ұлы Жеңістің 70 жылдығын жылдағыдан айрықша атап өтті. Кенттегі «Жеңіс» саябағына жиналған халық соғыста қаза тапқан жерлестерінің есімдері жазылған ескерткіш пен «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Аудан әкімі Бахыт Жаханов барша халықты мерекемен құттықтап, бүгінгі бейбіт заман үшін ардагерлерге алғыс білдірді. «Азаматтық арды ту етіп, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен Жеңіс күнінің авторларына әрдайым қамқорлық жасау – перзенттік парызымыз. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік қолдаулар тек Жеңіс мерекесінде ғана емес, үнемі жүргізіледі. Ерлік пен қайсарлықтың үлгісі болған ардагерлерге деген құрмет ешқашан азаймайды», – деді аудан әкімі. Сонымен қатар, соғыс ардагері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Пірназар Мырзатаев жас ұрпаққа бейбіт өмір мен тыныштық тілейтінін жеткізді. Одан әрі жергілікті өнерпаздар отты жылдарда жауынгерлерге жігер берген әндерді орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Айта кетейік, Қазалы ауданынан Ұлы Отан соғысына 10 мыңнан астам адам аттанды. Солардың 6 000-нан астамы соғыс даласында қаза тауып, хабар-ошарсыз кеткен. Ал қалған 4 000-нан астам ардагерлер елге аман-есен оралды. Қазіргі таңда ауданда 9 Ұлы Отан соғысының ардагері мен 900-ден астам тыл еңбеккері бар. Ауданда Елбасының тапсырмасымен Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік қолдаулар лайықты көрсетілуде. Сондай-ақ, Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында аудан бойынша бірқатар игі жұмыстар атқарылды. Сол мақсатта 100 млн.-ға жуық теңге бөлінді. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: egemen.kz. 20150509_101214 20150509_101630 20150509_103546 20150509_103658 20150509_103836 20150509_104758 20150509_105958 IMG_0546   20150509_114303 IMG_0592 IMG_0621