Руханият • Бүгін, 14:43

Брест қамалын қорғаған батыр туралы деректі фильм көрсетілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте Екінші дүние жүзілік соғыста Брест қамалын қорғаған, қала тумасы Қасым Жарменовтің ерлік жолына арналған «Цитадель» деректі фильмі көрсетілді. Іс-шара барысында Брест қамалының архивтік фотосуреттері, Жарменовтер әулетінің отбасылық мұрағатынан алынған сирек деректер және соғысқа дейінгі Шымкенттің фотокөрмесі ұйымдастырылды. Қалалық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Заңғарбек Үсіпахметов салтанатты көрсетілімде құттықтау сөз сөйлеп, жобаның тарихи һәм рухани мәніне ерекше тоқталды, деп жазады Egemen.kz.

Брест қамалын қорғаған батыр туралы деректі фильм көрсетілді

 «Цитадель» – бір ғана адамның немесе бір әулеттің тарихы емес, бұл – мыңдаған қазақстандық жауынгердің тағдыры мен ерлігінің көрінісі. Мұндай туындылар өткен мен бүгіннің арасын жалғап, жас ұрпаққа тағылым береді», деді ол.

«Цитадель» деректі фильмін бұған дейін Алматы мен Мәскеу қаласының көрермендері тамашалаған. Мәскеудегі көрсетілімге еліміздің Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев қатысқан.

Жалпы фильмде Қасым Жарменовтің Брест қамалындағы жанқиярлық ерлігімен қатар, соғыстан кейінгі бейбіт өмірі, туған жері Шымкентке оралып, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі кеңінен баяндалады. Сондай-ақ көрермен батырдың ұрпақтары – Денис пен Тимур Жарменовтердің отбасы тарихына қызықты сапар шегеді.

ШЫМКЕНТ

 

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 16:00

ЕАЭО отырысы Шымкентте өтеді

Саясат • Бүгін, 12:58