Әйел әлемі • Бүгін, 00:37

Түркістанда әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі ашылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістанда әйелдерге арналған «Бөрте» саяси көшбасшылық мектебінің ашылуы қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға, олардың көшбасшылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды әрі тағылымды бастама ретінде бағалануда, деп жазады Egemen.kz.

Түркістанда әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі ашылды

«Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының жанынан маңызды қоғамдық-саяси алаңның ашылуына ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Шолпан Каринова, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, «Amanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев қатысып, ізгі тілектерін арнады. Саяси мектептің қабырғасында білім алған әйел көшбасшылар елдік мүддені алға қоятын, қоғамның дамуына нақты үлес қосатын тұлғалар боларына сенім білдірді.

«Бөрте» әйелдердің саяси көшбасшылық мектебінің алғашқы лекцияларына аудан, қалалардағы «Amanat» партиясы филиалдарының әйелдер қанатының жетекшілері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік салаларда қызмет атқаратын қыз-келіншектер, депутаттар қатысты.  

Айта кетелік, әйелдер облыстағы жалпы халық санының 49 пайызын құрайды. Қазіргі таңда, облыста 185 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Оның ішінде 18 мыңнан астамы – «Алтын алқа», 43 мыңнан астамы «Күміс алқа» иегері атанған. Сондай-ақ өңірдегі 212 мыңнан астам кәсіпкердің 89 мыңға жуығы немесе 42 пайыздан астамы, 5611 мемлекеттік қызметшінің 1572-сі нәзік жандылар.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар