11 Мамыр, 2015

Қытай миллиардері 6 400 қызметкерін Францияда тегін қыдыртты

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
тяньшиАЛМАТЫ. 11 мамыр. 57 жастағы қытай миллиардері Ли Цзиньюань қол астындағы 6 400 қызметкерді Парижге, Көкшіл жағалауға алып келіп, тегін демалдырды. Лидің Қытайдағы «Тяньши» кәсіпорнында жұмыс істейтін жұмысшыларының тең жартысы осылайша тосын сыйға ие болды. Бұл туралы ағылшынның Daily Mail газеті хабарлады. Қытай туристері үшін бұл күні француз астанасынан 140 қонақ үйден орын босатылып, өзге елдерден келуші туристер үшін атақты Лувр музейі бір күнге жабылды. Көкшіл жағалауда орналасқан Канн және Монако қонақ үйлерінен 79 төрт жұлдызды және бес жұлдызды жатын орындар алдын-ала алынып қойылды. Қытай милииардері бұған қосымша қызметкерлерін Ницца қаласына алып бару үшін 147 жайлы автобусқа тапсырыс берген. «Тяньши» компаниясында еңбек ететін қытай жұмысшы-туристерінің Францияға бұл күнгі сапары ерекшелігі жағынын бірден Гиннестің рекордтар кітабына жазылды. Филантроп Ли Цзиньюаньның «Форбс» журналына берген сұхбатында қазір иелігінде 1 миллиард доллары бар екені айтылған. Қызметкерлерін Францияда демалдырған Лидің бұл жолы жұмсаған қаражаты 33 миллион еуроның төңірегінде деген болжам бар. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: Daily Mail.