Экономика • Бүгін, 08:43

Инвестициялық келісімге қол қойылды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында 44 млрд теңгеден астам сомаға заманауи санитарлық-техникалық өнімді өндіру мен құрастыру зауытын салуға арналған инвестициялар туралы келісім жасалды.

Инвестициялық келісімге қол қойылды

Сурет: syr-media.kz

Келісімге бір тараптан Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен Қы­зылорда облы­сының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, екінші тараптан испаниялық «Roca Group» компаниясының еншілес кәсіпорны – «РОКА Қазақстан» ЖШС бас директоры Даниэль Эрнандес қол қойды.

Жоба Мемлекет басшысының өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар тарту мен импортты алмастыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін локализациялауды арттыруға қатысты қойған міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Зауыт керамикалық санитарлық өнімдерді, жуынатын бөлмелерге арналған жиһаздар мен өзге де бұйымдарды өндіруге әрі құ­рас­тыруға маманданады. Құрылыс жұмыстары келесі жылдың бірінші тоқсанында бас­талады деп жоспарланды. Жоба шеңберінде 300-ге жуық жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ отандық мамандарды оқыту мен біліктілігін арттыру көзделген.

Кәсіпорын үдерістерді авто­маттандырудың жоғары деңгейі бар әрі экологиялық қауіпсіздіктің әлемдік стандарттарына сәйкес келетін санитарлық-техникалық өнімдерді шығаратын еліміздегі алғашқы өндіріс болады. Жоба­лық қуаттылығы жылына 500 мың бұйымды құрайды. Шығарылатын өнімді еліміздің ішкі нарығына жеткізу мен Орталық Азия елде­ріне экспорттау жоспарланып отыр. Зауытты іске қосу қосылған құны жоғары өнім өндірісін ұлғай­туға әрі еліміздің экспорттық әлеуе­тін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, инвестиция­лар туралы келісім жасасу жос­пары Премьер-министр Олжас Бектенов пен «Roca Group» дирек­торлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Роктың осы жылдың мау­сым айындағы кездесуі барысын­да талқыланған еді. Осылай­ша, құжатқа қол қойылуы мен жұ­мыс­тардың бас­талуы ел эконо­ми­касының инвес­тициялық тартым­дылығын арттыру жөніндегі жүйелі шаралардың нәтижесін әрі инвес­торлар сенімінің жоғары деңгейін
көрсетеді.

«Roca Group» өкілдері Қазақстан олар үшін стратегиялық маңызды нарық болып саналатынын атап өтті. Еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалға оң баға берді.

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы арзандады

Қаржы • Бүгін, 18:00