11 Мамыр, 2015

Атырауда Жеңіс күніне орай мемориалдық кешен ашылды (фото)

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
боздактарАТЫРАУ. 11 мамыр. Атырау облысында гранит тақталарға екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан, сонымен бірге, хабарсыз кеткен боздақтардың есімі жазылған мемориалдық кешен ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мемориалдық кешен Атыраудағы «Жеңіс» саябағында орналастырылды. Кешенде орнатылған гранит тақталарға әзірге 24 680 боздақтың есімі жазылды. Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның мәлім етуінше, Атыраудан екінші дүниежүзілік соғысқа 46 мыңдай адам аттанған. Олардың көбі соғыста қаза тауып, хабарсыз кеткендердің тізімінде тұр. Туған елге оралмағандарды іздестіру жалғаса береді. Сол себептен, дерегі табылғандардың есімін жазу үшін тақталарда бос орын қалдырылды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев. Стеная Памяти (май) 1 Стеная Памяти (май) 2 Стеная Памяти (май) 3 Стеная Памяти (май) 4