08 Шілде, 2010

ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен, ЕҚЫҰ “үштігіне” кіретін Литва Сыртқы істер министрі Аудорнюс Ажубалиспен және қырғызстандық әріптесі Руслан Қазақбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Әңгімелесушілер Қырғызстанда 27 маусымда өткен референдумнан кейінгі жағдай туралы және ондағы тұрақтылықты нығайтуға бағыт­тал­ған үйлесімді іс-әрекеттер жөнінде пікір алмасты. Қ.Саудабаев атап өт­кендей, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың пікірінше, Қырғыз Республикасының ұзақ мерзімді тұрақтылық пен бірқалыпты саяси дамуы мемлекеттің экономикалық даму стратегиялық бағдарламасын­сыз мүмкін емес, ал Қазақстан мұн­дай экономикалық стратегияны жа­сап шығуға және іс жүзінде жүзе­ге асыруға өз көмегін көрсетуге дайын.