АТЫРАУ. 11 мамыр. Атыраудағы халықаралық әуежайға екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақтың ұшқыш қызы, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімін беру ұсынылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған хабар «Атма-Атырау әуежайы және тасымалы» акционерлік қоғамының Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты шарасында мәлім етілді. Акционерлік қоғам басшысының орынбасары Жаңыл Үмбетиярованың айтуынша, Атырау облыстық әкімдігіне Хиуаз Доспанованың есімін әуежайға беру жөніндегі бастамашыл топтың және Парламент депутаттарының ұсыныстары жеткізілген. Айтқандай, әуежай ұжымы аталған ұсынысқа қолдау білдіріп отыр.
Еске сала кетейік, Атырауда бұған дейін Халық Қаһарманы, ұшқыш Хиуаз Доспанованың мүсіні орнатылды. Кейіннен оның есімімен «Эйр Астана» әуе компаниясының «Еmbraer 190» лайнері аталды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.
• 11 Мамыр, 2015
Атырау әуежайына Хиуаз Доспанованың есімін беру ұсынылды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше