23 Наурыз, 2015

Швейцарияның 106 жастағы суретшісі Ганс Эрни қайтыс болды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-03-15-gans_erni-1

АСТАНА. 23 наурыз. Швейцарияның 106 жастағы суретшісі Ганс Эрни қайтыс болды. Бұл туралы «Газета.Ru» хабарлады. «Швейцария суретшісі Ганс Эрни 106 жасқа келгенде, өмірден өтті», деп жазды The Guardian. Қылқалам шеберінің өзі де суретші болып табылатын қызы Симона Форнар Эрнидің айтуына қарағанда, ол 21 наурыз күні ешбір қиналмастан, бақилыққа аттанып кете барған. Эрни осы жасына жеткенге дейін қатаң тәртіп ұстап, жұмыс жасаған. Ол – жүздеген картиналардың, мүсіндердің, литографиялардың, керамикалық бұйымдардың авторы. 1940-1950 жылдары суретші Швейцария мен КСРО арасында достық қарым-қатынас керектігін қайта-қайта алға тартқан. Сол үшін өзі билік тарапынан біраз теперіш көріп, шығармашылығына қысым жасалған. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: Газета.Ru.