АСТАНА. 11 мамыр. Мемлекет басшысы Иран президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Хасан Рухани Мемлекет басшысын президенттік сайлаудағы жеңісімен және қызметіне кірісуіне байланысты құттықтады.
Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан-Иран серіктестігінің басым бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы саяси диалог пен жемісті өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. Бұдан бөлек, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейту мәселелері әңгімеге арқау болды.
Иран президенті екі ел арасындағы сан ғасырлық достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас алда да Қазақстан мен Иранның достас халықтарының мүддесіне игі қызмет ете беретініне сенім білдірді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.
• 11 Мамыр, 2015
Елбасы Иран президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлесті

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше