Пікір • Бүгін, 08:43

Біліктілерге сұраныс жоғары

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жыл қарапайым еңбек адамдарының игерген кез келген кәсібі ел экономи­касына қажет екенін тереңірек ұғын­дыра түскендей. Жұмыс­шының адал еңбегінің артында таудай игілік тұрады.

Біліктілерге сұраныс жоғары

Сурет: cjm.kz

Мұны біздің колледжде даярланып жатқан болашақ жас кадрлардың санасына талмай сіңіріп келеміз. Себебі әр жас маман өзі игерген кәсіптің маңызын, оның қоғамдағы қажеттілігін ең әуелі сезіне алуы керек.

Павлодар машина жасау колледжінде 7 жылдан бері жұмыс істеймін. Осы уақытқа дейін жүздеген түлек түлеп ұшып, олардың барлығы дерлік жергілікті кәсіпорындардан «екі қолға – бір күрек» тапты. Облыс орталығындағы «ERG Servis», «Қазақстан алю­минийі», «KSP Steel» сынды ірі зауыттар, өзге де жөндеуші, құрастыру­шы кәсіпорындар тарапынан біз даярлайтын мамандарға сұраныс тұрақты. Кадр даярлау ісінде үнемі ізденісте болмасаң, бәсе­кеге қабілетті мамандарды қалып­тастыру күрделі іс. Жыл са­йын техникалық, кәсіптік білім беру саласындағы түрлі байқау-сындарға қатыса­мыз. Биыл республикалық кәсіби шеберлік байқауында инженерлік сала бойынша 1-орынды жеңіп алдым. Шәкіртім Даниил Усанов E RG Skills 2025 III корпоративтік кәсіби шеберлік байқауында «CAD инженерлік графикасы» құзыреттілігінде жеңімпаз атанды.

Оқыту саласында бір­қатар өзіндік жобамыз бар. Алдымызда білім беру бағ­дарламаларын өнеркәсіппен тығыз байланыстыру, маз­мұнын байыту міндеттері тұр. Мұның барлығы заманға сай, терең білімді, техноло­гия­лық сауатты, цифрлық игіліктерді меңгерген жас мамандар буынын даярлауда өте маңызды.

 

Нұрсұлтан БАЙДІЛДИН,

Павлодар машина жасау колледжінің арнайы пәндер оқытушысы

Соңғы жаңалықтар

Абай және жас ұрпақ

Абай • Бүгін, 19:55

Жаңа жылдың тарихы қандай?

Қоғам • Бүгін, 18:30