11 Мамыр, 2015

Виктор Цойдың әкесі рак ауруына шалдыққаны белгілі болды

363 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

11-05-15-robert_coi_1

АСТАНА. 11 мамыр. Аты аңызға айналған рок-әнші, марқұм Виктор Цойдың әкесінің рак ауруына шалдыққаны белгілі болды. Бұл туралы «Комсомольская правда» хабарлады. Дәрігерлер 77 жастағы Роберт Цойдың ағзасынан әдепкі кезеңдегі онкология ауруын тапты. Қазір Роберт Максимович Израильдің клиникасында. Мұнда ол сәуірдің соңынан бері химитерапиядан өтіп жатыр. Музыканттың әкесіне 11 мамыр күні күрделі операция жасау белгіленген екен. Оның қалай өткені кейінірек белгілі болады. «Виктор Цойды еске алу» қорынан хабарланғандай, Роберт Максмовичтің өзі тұратын Петербург қаласында емделуі мүмкін болмаған. Себебі, профильді клиникаға тек жарты жылдан кейін ғана жату мүмкін болған. Ал келесі клиникадағылар «мерекелерден кейін келу» керектігін айтқан. Роберт Цойдың емделу үшін төлейтін 1,8 млн. рублі болмаған. Музыканттың отбасында мұндай ақша жоқ екен. Сосын әйелі Марина Хан амалсыздан Виктор Цой атындағы қордан жәрдем сұрапты. Олар осыған орай арнайы есепшот ашыпты. Бірақ апта ішінде Виктордың табынушылары тек 100 мың рубль ғана қаржы жинай алыпты. Бірінші болып көмекке Виктор Цой түскен «Ине» фильмінің режиссері Рашид Нугманов келген. Ол өзінің сайтына ақша жиналатыны туралы ақпар орналастырған. Содан бастап есепшотқа ақша түсе бастаған. Жетпейтін қалған қомақты ақшаны Роберт Максимовичтің жұбайы таныстарынан қарызға алған. Таң қаларлық нәрсе, музыканттың табынушылары мен отбасының достарынан бөлек, бұларға жәрдем беретін ешкім болмаған. «Немерем бұл хабарды салқын қабылдады, - деп жазады «Виктор Цойды еске алу» қорының негізін қалаушы Светлана Власова. – Оған, менің өтінішім бойынша, Виталик Калгин («Виктор Цой» кітабының авторы – редакция) айтты». «Валентина Васильевнамен (Виктор Цойдың анасы – редакция) да осылай болған. Ол немересімен қатыспаған күйі кетті (2009 жылы қайтыс болған – редакция)», - дегенді қосты қордың жетекшісі. Роберт Максимович «Комсомолкаға» берген бір сұхбатында ұлының қайтыс болғаннан кейін де өзін асырап отырғанын айтқан екен. Ол Виктордың дискілері мен атрибутикасын сатудан жақсы қаламақыны алып тұрған. Алайда, байқап қарағанда, бұл табыстың өзі операция шығынын жаба алатындай болмаған сияқты. Операциядан кейін Роберт Максимовичті Израильде сәуле алу курсы мен реаблитациядан өту күтіп тұр. Сондықтан қаржы жинау процесі әлі тоқтамаған көрінеді. Виктордың анасы жүрегіне операция жасауға екі күн жетпей қалыпты. Роберт Цой – Қазақстанның тумасы. Дәлірегі, Қиыр Шығыстан келгеннен кейін Қызылорда қаласында тұрған, осында жұмыс істеген, кейін Виктордың соңынан Петербургке көшіп келеді. Қайрат Құлымбет. Дерек, сурет: Комсомольская правда.