Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2025

Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқуға көшірілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қолайсыз ауа райы мен ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты 26 желтоқсанда Қостанай облысының бірқатар қаласы мен ауданында оқушылар қашықтан оқу форматына ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқуға көшірілді

Фото: Ашық дереккөз

Қарабалық ауданында ауа температурасы -28 °C, желдің жылдамдығы секундына 5 метр болғандықтан, бірінші ауысымдағы 1–9 сынып оқушылары қашықтан оқиды. 

Рудный қаласы Білім бөлімінің хабарлауынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты 26 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары онлайн оқуға ауыстырылды.

Лисаковск қаласында ауа температурасы -27 °C болғандықтан бірінші ауысымның 1–9 сынып оқушылары қашықтан оқиды.

Әулиекөл ауданында ауа температурасының -32 °C-қа дейін төмендеуіне байланысты 1-11 сынып оқушыларына сабақ онлайн өтеді.

Амангелді ауданында ауа температурасы -26 °C болғандықтан, бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.

Арқалық қаласында ауа температурасы -29 °C болғандықтан 1-11 сынып оқушыларын қашықтан білім алады.

Алтынсарин ауданында ауа температурасының -29 °C-қа дейін төмендеуіне байланысты 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

26 желтоқсанда Меңдіқара ауданында ауа температурасы -30…-33 °C-қа дейін төмендеуіне байланысты 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Қолайсыз ауа райына байланысты Ұзынкөл ауданында да 1–11 сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды.

Науырзым ауданында ауа температурасының -27 °C-қа дейін төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Еске сала кетейік, «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, жұма күні, 26 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауып, боран соғады.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қанша колледж бар?

Білім • Бүгін, 17:57