Фото: biocentr.org
Параспортқа жағдай жасалып жатыр
Паралимпиадалық және сурдлимпиадалық қозғалыс жүйелі түрде дамып келеді. Алғаш рет заңмен «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдейтін адам» ұғымы бекітіліп, ерекше қажеттілігі бар спортшылардың қатысу мүмкіндігі кеңейді.
Қазақстан халықаралық спорт ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейтті
2025 жылғы маңызды бағыттардың бірі – халықаралық спорт ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейту болды. Қазақстанның 81 өкілі халықаралық және континенттік спорт федерацияларында жұмыс істейді. Бұдан бөлек, биыл елімізге 22 халықаралық спорт ұйымнан басшылар келді. Бұл еліміздің ұйымдастырушылық және инфрақұрылымдық әлеуетінің халықаралық деңгейде мойындалғанын айғақтайды.
Тұрақты түрдегі халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесінде 2027 жылы Қазақстанда үстел теннисі, дзюдо, стенд ату, бокс және джиу-джитсудан 5 әлем чемпионатын өткізу туралы келісімдер жасалды. Бұл еліміздің халықаралық спорт алаңы ретіндегі сенімді әрі бәсекеге қабілетті мәртебесін одан әрі нығайтуда маңызды кезең болмақ.
Халықаралық аренада 50-ден астам тарихи жетістік
Министрдің айтуынша, биыл шорт-тректен ұлттық құрама Азия ойындарындағы алғашқы алтын жүлдені жеңіп алса, фристайл-акробатика мен семсерлесу спорт түрлерінен тұңғыш медаль бұйырды. Сонымен қатар дзюдо, бокс, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, садақ ату және парабиатлон бойынша жоғары нәтижелер тіркелді. «Қайрат» футбол клубы өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Толығырақ оқу үшін мына сілтемеге өтіңіз.
2025 жылы Қазақстан ірі халықаралық спорттық жарыстар өтетін алаңға айналды
Бокстан және фристайлдан Әлем кубогі кезеңдері, дзюдодан Grand Slam турнирлері, сондай-ақ бірқатар олимпиадалық спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстар өткізілді.
Бұған қоса, елімізде алғаш рет Азия Паралимпиялық комитетінің конференциясы мен Бас ассамблеясы ұйымдастырылып, Қазақстанның Азиядағы инклюзивті спорт орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайта түсті.