Аймақтар • 04 Қаңтар, 2026

Ақтауда жүргізушілер жол таңбаларының сапасына шағымданды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласының жүргізушілері жаңа жол таңбаларының сапасына қатысты шағыммен БАҚ-қа жүгінген, деп жазады Egemen.kz.

Ақтауда жүргізушілер жол таңбаларының сапасына шағымданды

Фото: ашық дереккөз

Автокөлік жүргізушілерінің айтуынша, қаладағы кейбір жол учаскелерінде ескі және жаңа жол таңбалары қатар сақталып қалған. Бұл жағдай қозғалысқа қатысушыларды шатастырып, әсіресе түнгі уақытта және қолайсыз ауа райында жолмен жүруді қиындатады.

Жүргізушілер 13 және 15-шағынаудандар арасындағы жол бөлігін видеоға түсіріп, онда ескі таңбалар толық өшірілмей, жаңасымен қабаттасып тұрғанын көрсеткен. Олардың сөзінше, түнде жол сызықтары нашар көрінеді, бұл жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырады.

Аталған мәселеге қатысты Ақтау қаласы әкімдігі түсініктеме берді. Әкімдіктің мәліметінше, көрсетілген учаскеде қозғалыс сызбасы өзгертіліп, жаңа жол таңбалары салынған, ал ескі таңбалар екі рет қара бояумен жабылған. Алайда бірнеше жыл бойы жол жабынында болған ескі таңбалардың үстінен жағылған бояу кей жерлерде тозып, бұрынғы сызықтар қайта көрініп қалған.

Қала әкімдігі қолайлы ауа райы орнаған соң ескі жол таңбаларын қайтадан бояу жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Біз таңдаған жол

Пікір • Бүгін, 08:43

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30