Фото: Depositphotos.com
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында нөсер жаңбырға байланысты беткейлік ағын қалыптасып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі ықтимал.
Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Маңғыстау облыстарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауылды жел болжанып отыр. Желдің екпіні кей өңірлерде секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Қазақстанда жаз айларында ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы
Синоптиктер тұрғындарға қолайсыз ауа райы кезінде сақтық шараларын сақтап, аптап ыстықта ұзақ уақыт күн астында жүрмеуге, ал найзағай мен дауыл кезінде алыс жолға шықпауға кеңес береді.