Қоғам •

Домбыра күнінің дүбірі

2 мин
оқу үшін

Елімізде Ұлттық домбыра күніне орай ауқымды мәдени іс-шаралар өтті. Мерекелік бағдарлама еліміздің барлық өңірін қамтып, ірі қалалармен қатар, аудан орталықтарында, ауылдарда, мәдениет үйлерінде, музейлер мен кітапханаларда ұйымдастырылды.

Домбыра күнінің дүбірі

Ел бойынша 2 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Оның ішінде 100-ден астам ірі мәдени жоба ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 30-дан астам концерт, 10-ға жуық күйші мен домбырашылар байқауы, 5 фестиваль, домбырашылар шеруі, көрмелер, конференциялар, музей және кітапханадағы жобалар, шығармашылық кездесулер, танымдық іс-шаралар мен онлайн акциялар өтті. Жалпы іс-шараларға 2 миллионнан астам адам жиналды.

Астанада өткен мерекелік іс-шараларға 10 мыңға жуық оқушы қатысты. Жас домбырашылар елорданың көрнекті орындары мен мәдени нысандарында күй орындап, республикалық мәдени эстафетаға бастау берді.

Шымкентте домбыра үні халықаралық әуежайда, теміржол вокзалында, автовокзалдарда, қоғамдық көліктерде, аялдамаларда, сауда ойын-сауық орталықтарында, «Шым­қала» этноауылында,  «Шым Сити» саябағында шырқалды. Қала тұр­ғын­дары үшін концерттер, көрмелер, шебер­лік сабақтары, домбыра жасау­дың қыр-сыры көрсетілді.

Өңірлерде күйшілік мектептерді сақтау мен жас домбырашыларды қолдауға басымдық берілді. Түркістан облысында «Күй құдіреті» республикалық күйшілер байқауы, Қызылордада III республикалық «Сыр толқыны» күйшілер байқауы өтті.

Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау, өзге де облыстарда концерттер, флешмобтар мен өнерпаздардың қатысуымен түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Қарағандыда «Домбыра – ұлт қазынасы» концерті аясында 300 домбырашы қатысқан флешмоб өтсе, Қостанай облысында 1000 домбырашы мен 26 қобызшының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.

Мереке аясында музейлер мен кітапха­на­ларда да мазмұнды жобалар жүзеге асты. Мәдениет ұйымдарында музей қор­ла­рындағы домбыралар көрмесі, тақы­рыптық экскурсиялар, музыкалық сағаттар, кітап көрмелері, шеберлермен кездесулер, күй өнеріне арналған дәрістер ұйымдастырылды. Семейдегі «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін­де Абай Құнанбайұлының домбырасы мен өзге де құнды музыкалық аспаптар көр­меге қойылды.

Ұлттық домбыра күні шетелде де аталып өтті. Бейжің қаласындағы Лянма өзенінің жағалауында Қазақстанның мәде­ни орталығы ұйымдастырған «Dombyra Party» мерекесіне қазақстандық және қы­тай­­лық жас домбырашылар, сту­дент­тер, қазақ диаспорасының өкілдері мен жер­гілікті тұрғындар қатысты.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желілерде #dombrakuni республикалық онлайн акция­сы өтіп, қатысушылар домбыра үні, ұлт­тық өнер және мерекелік көңіл күйді дәріптейтін бейнероликтер жариялады.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:15

Холанн ширек финалда ойнайды

Футбол • Бүгін, 09:10

ҰБТ үздігі

Білім • Бүгін, 09:05

Заманауи спорт орталығы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Күй құдіреті ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 08:55

Астананың ата толғауы

Қоғам • Бүгін, 08:48

Адамзат асқарындағы ақын

Тұлға • Бүгін, 08:45

Жастар жүрегіндегі шаһар

Өнер • Бүгін, 08:43