Үкімет • 26 Желтоқсан, 2025

Қазақстан цифрландыру бойынша халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет қызметінің 2025 жылдағы қорытындысын шығару шеңберінде Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев саланы дамытуға қатысты баспасөз мәслихатын өткізді. Бүгінде еліміз жасанды интеллектіні ауқымды енгізу және цифрлық экономиканың негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету арқылы жетекші цифрлық держава мәртебесін нығайтып келеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан цифрландыру бойынша халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтты

Фото: opennews.kz

Жаслан Мәдиев жыл қорытындысы бойынша еліміз халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтқанын, ЖИ дамуының институционалдық негізін қалыптастырғанын, alem.cloud ұлттық суперкомпьютерлік кластерін іске қосқанын және мемлекеттік қызметтерге, экономикаға және әлеуметтік салаға цифрлық және ЖИ шешімдерін ауқымды енгізуді қамтамасыз еткенін атап өтті.

Халықаралық бағалауларға сәйкес, бүгінгі таңда Қазақстан электрондық үкіметтің даму индексінде (EGDI) 24-ші орында және онлайн-қызметтер индексі (OSI) бойынша әлемнің топ-10 еліне кіреді. Сонымен қатар alem.cloud ұлттық суперкомпьютерлік кластері әлемдегі ең ірі суперкомпьютерлердің TOP-500 рейтингіне еніп, 86-шы орынға ие болды. Осылайша, Қазақстан есептеу қуаты бойынша өңір көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады.

«Бұл ұстанымдар цифрлық жетілу деңгейін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің басқару тәжірибесіне жасанды интеллектіні ауқымды түрде енгізе алу қабілетін де көрсетеді», деді Жаслан Мәдиев.
Соңғы жаңалықтар