АСТАНА. 12 мамыр. Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын «Астана арландарының» жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды. Соған сәйкес, боксшыларымыз финал жолдамасын Ресей құрамасымен сарапқа салады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ширек финалдық айқаста ресейліктер Италия боксшыларымен күш сынасты. Екі кездесуден тұрған тартыста солтүстік көршіміз қарсыластарын 9:0 есебімен тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алды.
Ал «арландар» бұл сатыға топтық кезең қорытындысы бойынша шыққаны есімізде. Келесі жартылай финалдық жұптың әзірге бір командасы ғана белгілі. Ол – «Куба Домадорес» (Куба). Кубалықтардың қарсыласы «Баку файрс» (Әзербайжан) пен «Мексико Гуеррерос» (Мексика) командалары арасындағы жеңімпаз болмақ.
«Арландар» жартылай финалдық бәсекесін 22-23 мамыр күндері Астанада өткізеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 12 Мамыр, 2015
Бокс. «Арландардың» жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше