Әлем • Бүгін, 10:17

Тайвань мен Перуде қатты жер сілкінісі болды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тайвань мен Перу жағалауларында бір мезгілде қуатты жер сілкіністері тіркелді. Тайвань билігі алдағы апта бойы магнитудасы 5 балдан асатын афтершоктар болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тайвань мен Перуде қатты жер сілкінісі болды

Тайвань жағалауында болған жер сілкінісінің магнитудасы 7,0 балды құрады. Бұл туралы аралдың Орталық метеорологиялық қызметі мәлімдеді. Эпицентр солтүстік-шығыстағы Илань уезі әкімдігі ғимаратынан шығысқа қарай 32,3 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулерінің ошағы 72,8 шақырым тереңдікте тіркелген.

Тайвань тұрғындары жер сілкінісі сәтін әлеуметтік желілерде жариялап жатыр. Билік өкілдерінің мәліметінше, тұрғын үйлерде болмашы зақымдар анықталған. Ядролық нысандар мен теміржол инфрақұрылымына зиян келмеген.

Сонымен қатар Перу жағалауында да магнитудасы 6,2 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық-жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

Мекеме дерегінше, жерасты дүмпулерінің эпицентрі халқы 700 мыңнан асатын Трухильо қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 94 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 66 шақырым тереңдікте болған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, Тайвань аумағында алдағы күндері қайталама дүмпулер болуы мүмкін деген ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар