12 Мамыр, 2015

Хоккей. Әлем чемпионаты. Плей-оффқа шыққан 7 команда белгілі

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
belorusy-finnov-razmochili-no-ne-dozhali_14313727891257876415АСТАНА. 12 мамыр. Хоккейден Чехияда өтіп жатқан әлем чемпионатында топтық кезең бәсекелері нағыз шарықтау шегіне жетті. Азулы құрамалар плей-офф сатысында оңтайлы қарсыласқа жолығу мақсатында білек сыбанса, кейбір командалар элиталық дивизионда қалу үшін тер төгуде. Кеше топтық кезең аясындағы тағы 4 ойынның нәтижесі белгілі болды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Аталған матчтардың ішінен жанкүйерлер Финляндия мен Беларусь арасындағы ойынға ерекше назар аударды. Себебі, жеңген команданың топта жоғары орын алу мүмкіндігі артады. Ал өз тобында неғұрлым жоғары орын алған команданың плей-офф кезеңінде келесі топтағы көрсеткіші төмен қарсыласқа тап болатыны белгілі. Жалпы, жарысты әр топтан алғашқы төрт орынды иемденген 8 команда шығатынын айта кетейік. Қазірдің өзінде 7 құрама белгілі болды. Топтық кезең аясындағы бүгін болатын соңғы ойындардың нәтижесіне қарамастан, «А» тобынан Канада, Швеция, Чехия және Швейцария құрамалары жарысты жалғастырады. Ал «В» тобынан әзірге АҚШ, Ресей және Финляндия хоккейшілері плей-офф бәсекесіне жолдама алды. 11 мамырда болған ойындардың нәтижелері: «А» тобы Германия – Австрия 2:3 (буллитпен) (0:0, 0:1, 2:1, 0:0, 0:1); Швеция – Франция 4:2 (1:0, 1:2, 2:0). «В» тобы Финляндия – Беларусь 3:2 (0:0, 0:0, 2:2, 0:0, 1:0); Словения – Дания 1:0 (1:0, 0:0, 0:0). Бүгінге дейінгі ойындардың нәтижесі бойынша турнир кестесі. 12-05-2015-keste 03 12-05-2015-keste 02 Бүгін топтық кезеңнің соңғы ойындары өтеді. «А» тобы Канада – Австрия; Латвия – Франция; Чехия – Швейцария. «В» тобы Норвегия – Беларусь; АҚШ – Словакия; Финляндия – Ресей. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: championat.com.