Төтенше жағдай • Кеше

Астанадағы өрт: 800 шаршы метр аумақты жалын шарпыды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың Сарыарқа ауданында болған жойқын өрттің мән-жайы белгілі болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары бірнеше сағатқа созылған тілсіз жауды толықтай сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанадағы өрт: 800 шаршы метр аумақты жалын шарпыды

ТЖМ

Өрт Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан үш қабатты ғимараттан шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде жағдай өте күрделі болған.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте жалын ғимараттың екінші және үшінші қабаттарын толықтай шарпып үлгерген. Оттың жылдамдығынан нысанның шатыры ішінара опырылып түскен.

Өрт сөндірушілердің кәсіби және дер кезінде жасаған іс-қимылдарының арқасында оттың көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

Тілсіз жау жалпы аумағы 800 шаршы метр жерде толықтай сөндірілді. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

«Өрт сөндірушілердің кәсібилігі салдарды барынша азайтуға мүмкіндік берді», деп атап өтті ТЖМ өкілдері.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Сарыарқа ауданындағы бұл оқиға елордалықтарды қатты алаңдатты.

Соңғы жаңалықтар