Қоғам • Кеше

200 оқушы Президент шыршасына қатысты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысында Пре­зиденттің дәстүрлі жаңажылдық шырша шамы жанды. Шыршаға облыс құрамындағы қала­лар мен аудандар мек­тебінен үздік оқи­тын, дарынды және спорт­та жеңіске жеткен 200 таңдаулы оқушы қатысты.

200 оқушы Президент шыршасына қатысты

Фото: yvision.kz

Мерекелік шарада Ұлы­тау облысының әкімі Дастан Рыс­пеков балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Мемлекет басшысы жолдаған құттықтау хатты оқыды. Жас ұрпаққа қамқорлық жасап, қолдау маңызды екеніне тоқ­талды.

Облыс әкімі дарынды балалар Ұлытау облысының мақ­танышы екенін айтып, жаңа жылдық сыйлыққа – планшет табыс етті.

Шырша айналасында бал­ғындар әсем ән шырқап, би биледі. Театрландырылған қойы­лымдарды тамашалады.

Салтанатты жиынға арнайы шақырылған оқушылар Ұлытау облысының әкімімен естелік суретке түсті.

 

Ұлытау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Кеше