Қоғам • Бүгін, 07:20

Оңалту орталығы ашылды

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Осыдан екі жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бес өңірдегі Президент резиденциясын балалардың игілігіне беруді тапсырған еді. Қостанайдағы резиденция содан бері қайта жөндеуден өтіп, биыл жаңа жыл қарсаңында жүйке ауытқуы бар, тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларды оңалту орталығы болып қайта пайдалануға берілді.

Оңалту орталығы ашылды

Оңалту орталығы шамамен 2 гектарға жуық жерді алып жатыр. Ақ қайыңы, қыз қарағайы аралас қалың ағаш арасын­да тұрған кешен аумағында жеті ғимарат бар. Оның екеуі 2002 жылы, төртеуі 2004–2008 жылдар аралығында Президент жа­нын­­дағы шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы отырысын өткізуге дайындық шаралары барысында салынған.

Балалар орталығының ашылу рәсіміне облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен ғимарат­тарды қайта жөндеуден өткізіп, қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге қыруар қаржы бөлген «Қазақстан хал­қы­на» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева қатысты. Облыс әкімінің айтуынша, бұған дейін өңір­де балаларға арналған жалғыз оңалту орталығы болған.

– Ол жылына 400 балаға дейін қабыл­дай­ды. Ал жаңадан ашылып отырған орта­лықтың қызмет көрсету аясы одан екі есе жоғары. Жаңа орталық жоғары деңгейдегі заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Тиісті даяр­лық­тан өткен білікті мамандар жұмыс істейді. Бізге «Қазақстан халқына» қоры зор көмек көрсетті. 1 млрд теңгеден астам қаржы бөліп, оған бұрын-соңды болмаған заманауи құрал-жабдықтар орнатып берді. Бұрын мұндай технология Астана мен Алматыда ғана болғандықтан, ата-аналар сол қалаларға қатынауға мәжбүр еді. Енді алысқа сабылмай-ақ, өзімізде де оңалту шараларынан өтуге мүмкіндік пайда болып отыр, – деді Қ.Ақсақалов.

Л.Шыңғысбаева «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қос­танай облысына 21 млрд теңгеге жуық қаржы бөліп, әлеу­меттік саланы дамытатын іргелі жобаларды іске асырып жатқанын айтты. Соның айқын бір дәлелі – осы орталық.

сп

– Бұл – «Алтын стандарт» негізінде жасалған орта­лық. Неге біз елімізде жоқ жаб­дық­тарды әкелдік? Өйткені әлеу­мет­тік салада өте маңызды стандарттарды көтеруіміз керек. Сол арқылы қызмет сапасы артуы қажет. Бүгін өздеріңіз көріп отырған құрал-жабдықтарға 700 млн теңге жұмсалды. Қал­ғандары келісім-шарттар аясында Жапония, Швейцария, АҚШ, Аустралия сияқты елдерден келе жатыр. Әлемдік брендтер тапсырыспен арнайы жасалады. Дегенмен қолда бар техникалар жұмысты толық бас­тай беруге мүмкіндік береді. Мұндағы қам­ты­лым жерге қон­ған ғарышкерді оңалтуға қажет­ті жабдықтардан еш кем емес, – деді Л.Шыңғысбаева.

Жалпы, өңірде психо­нев­рологиялық ауытқуға ұшыраған, тірек-қимыл қозғалы­сына зақым келген екі мыңға жуық бала бар. Орталық жыл сайын 1,5 жас­тан 18 жасқа дейінгі 900 баланы емдеп, реабилитациялық қолдау көрсетеді. Ор­талық аума­ғын­дағы жеті ғимараттың әр­қайсысы әртүрлі сауықтыру қызметін атқарады. Барлығы компьютерлендірілген, ро­бот­тандырылған құрал-жаб­дықтармен қамтамасыз етілген. Баланы диагнозына сай дамытуға, оңалтуға қолайлы жағ­дай жасал­ған. Тірек-қимыл аппаратын, пси­хоневрология жүйесін же­тіл­­ді­ретін техниканың да сан түрі, еден-қабырғасы тұтастай сен­сор­ланған интерактив бөлмесі, шунгит бөлмелері, бассейн, физиотерапия, басқа да бөлімдері бар.

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Бүгін, 20:35

Шаруашылығы шалқыған күн туар

Шаруашылық • Бүгін, 19:53