Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы жыл бойы өндірісте және әлеуметтік салада еңбек ететін қызметкерлерді Ақордада қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті.
Республика күні қарсаңында өнеркәсіп және құрылыс саласында жұмыс істеп жүрген 500-ге жуық азаматқа жоғары марапат табысталды. Олардың 138-і – еңбек династиясының өкілдері.
Сонымен қатар 130-дан астам педагог пен ғалым, 100-ден аса медицина қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды.
Кәсіби мерекелеріне орай көлік, энергетика, мұнай-газ, ауыл және су шаруашылығы, жедел қызметтер, білім, ғылым, мәдениет, журналистика саласының өкілдеріне ерекше сый көрсетілді.
Биыл еліміздің цифрлық экожүйесін қалыптастыру аясында қыруар шаруа атқарылды.
Сондай-ақ 2025 жылы ел экономикасындағы өсім соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті.