Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Спорттық киімдердің талапқа сай болуын қадағалау мақсатында Ұлттық Олимпиада комитеті, ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілдері мен белгілі спортшылардың қатысуымен жұмыс комиссиясы құрылған.
Қазір комиссия спорттық киім-кешектің үлгісін бекітіп, Халықаралық Олимпиада комитетінің бақылауына ұсынған.

Киім-кешек жиынтығына спортшылардың қысқы Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанатына қатысуға арналған киім формасы, сондай-ақ спорттық іс-шара кезінде пайдалануға арналған жылы сырт киім кіреді. Сондай-ақ спорттық жаттығуларға, дене қыздыруға және күнделікті қолдану үшін спортшыларға арналған жаттығу және күнделікті киімдер кіреді.
«Жалпы, спорттық киім-кешектер жиынтығы 22 атауды қамтиды. Форма бюджеттен тыс қаражат есебінен сатып алынды», деді Ербол Мырзабосынов.


