Елорда • 30 Желтоқсан, 2025

31 желтоқсан күні Астанада қандай мерекелік концерттер өтеді?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең елорданың 6 ауданындағы 10 локацияда мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Іс-шараларда елімізге танымал әншілер Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, «Меломен» және «Бәйтерек» тобы өнер көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.

31 желтоқсан күні Астанада қандай мерекелік концерттер өтеді?

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Ертең сағат 12:00-де мына мекенжайларда концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады: 

  • Алматы ауданы – «Жерұйық» саябағы, «Железнодорожный» тұрғын үй кешені;
  • Нұра ауданы – Жағалау алаңы, «Үркер» тұрғын үй кешені;
  • Сарайшық ауданы – «Отау» және «Промышленный» тұрғын үй кешендері.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана мен Алматыда қандай іс-шаралар өтеді?

Бұдан бөлек сағат 14:00-де де Астананың басқа аудандарында мерекелік шара өтеді: 

  • Байқоңыр ауданы – Ататүрік саябағы, «Өндір» тұрғын үй кешені;
  • Есіл ауданы – «Бағыстан» тұрғын үй кешені;
  • Сарыарқа ауданы – Қорғалжын алаңы.

Кешкі сағат 21:00-де «Қазақ» монументі жанындағы алаң мен EXPO аумағында, қалалық әкімшілік алдындағы алаңда мерекелік концерттер өтеді. 

Сондай-ақ ертең сағат 00:00-де демеушілік қаражат есебінен Астананың бірнеше нүктесінде отшашу басталады. 

Соңғы жаңалықтар

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:49